Мен бүгін әпкелі болдым..!)
Мен бүгін әпкелі болдым..!)

Басында «шала оқымадым ба?» деп те қалған боларсыз. Бірақ, расымен де, біреу әлдилі болса, мен бүгін әпкелі болдым. Туған да, туыс та әпкелерім көп, Аллаға шүкір. Бірақ, бұл әпкемнің, яғни бүгінгі әпкемнің орны бір бөлек. Мен бұл кісінің жүзін көрмесем де, жүрегінен жылулық, әйтеуір бір жақындықты сезгендей болдым. Менімен əлеуметтік желі арқылы араласатын оның мінезі мейірбан, керемет жан. Әдетте, біз, қыздар, сыртқы реңімізді ретке келтіремін деп қанша әлектенсек те, тән сұлулығы тозады ол, тат басады. Бірақ, жан мен жүректің сұлулығы көнермейді, білем, өзгеріп, өңін де бермейді. Себебі ол жай суға ағып кетпейтін сұлулық... Қанша тырыссам да, дұрысы қатты қаласам да, менің дәл сондай сұлулыққа қолым жетпей жүр, әттең. Әпке қылып алғаным да сондықтан, сіңлісіне сұлулығы жұғар деп. Хадиша анамыздың тектілігін, Әсияның сабырлығы мен Айшаның адалдығын Алла оған нәсіп қылса екен деймін. Бүгінгідей ибалығы мен имандылығынан, арттырса да, әсте, айырмасыншы. Әдемі етіп жазамын деп әсірелеп жібергенім жоқ, алған әсерім осы. Себебі, мұсылман мұсылманға қашан да бауыр емес пе?! ендеше, бірлігіміз бекем, бір-бірімізге деген махаббатымыз берік болсыншы. Әдемі әпкелеріміз көп болғай...! 

 

Indira IzbasqanIndira Izbasqan
8 жыл бұрын 4156
0 пікір
Блог туралы
0
2141 4 20 7 5