Біз "91"-ге қарсымыз!
Біз "91"-ге қарсымыз!

Құрметті Қарағанды қаласының жастары!

Қазан айының 18-і күні, яғни ертең жергілікті уақыт сағат 17.00-де Қарағанды циркінде аты шулы Ninety One (91) тобының жеке концерті өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда біз, қаланың бір топ намысшыл да өршіл жастары аталған топтың қаламызда концерт қоймақ түгілі аяқ басып келуіне де қарсымыз. Себебі аты шықпаған соң, жер өртеп, жеңіл жолмен танымал болғысы келген жігітсымақтарымыз арзан әнімен талай жастың санасын улауда. Ең әуелі, олардың қазақтың діні мен ділі түгілі, дәстүрінде де негізі жоқ  - ердің сырға тағып, тырысқан шалбар киюі, сақал орнына шаш өсіріп, сән қууы сынды жағымсыз да жиіркенішті амалдарға жол беруі біздердің – ұлттың ұжданды ұлдарының намысына тиеді. Әсіресе, осы топты жақтаушы кей жастардың оларға еліктеп, еріп кетуі бізді қатты алаңдатады. Әлемге қазақ атын танытамыз деп кеуде ұрған жігітсымақтарымыздың мұндай «ерліктеріне» тіптен мұқтаж емеспіз. Нағыз ер жігіт – сырға тағып, сахнада өнер көрсететін өрен емес, ел басына күн туа қалған жағдайда, етікпен су кешіп, жанын беруден тайынбайтын өжет болуы керек деп білеміз. Сондықтан жеке ойы осы айтылған пікірдің аясында тоғысатын барлық жастарды ертеңгі концерттің өтуіне қарсылық ретінде бейбіт шеруге шақырамыз. Шеру жергілікті уақыт сағат 16.00-де өтеді. Қазақылығымыз бен тектілігімізді мансұқтаған топтың әрекетіне бір үйдің баласындай бәріміз бірге тосқауыл болайық.

Indira IzbasqanIndira Izbasqan
8 лет назад 4464
0 комментариев
О блоге
0
2141 4 20 7 5