СОЛҚЫЛДАҚ (әңгіме)
СОЛҚЫЛДАҚ (әңгіме)

Еміс-еміс қана есінде қалған әлгі «сұмдық» көріністен соң әлі есін жия алмай келе жатқан қарт көше арасына отырғызылған көшеттердің бел ортасымен аяңдай басып келеді. Тоқсанға таяса да, таяққа таянбаған қарияның алған бағыты – белгісіз. Әйтеуір әлгінде ғана өзі аптыға шыққан мектептегі мерекелік кештен мейлінше кетуге асықты. Алғашында үйдегі жүгірмек немересінің көңілін қимағандай қам көңілі қайта-қайта жалтақтап, іркіліп біраз тұрды. Себебі дәл осы кешке оны шақырған да қарттың қара шаңырағында өскен он жасар немересі еді...

(Осыдан бірер күн бұрын...)

Кеңестің көзін көрсе де, Құдайына қосақ қоспаған қарияның құлшылығы қашан да түгел-тін. Сәлде ораған басының сәждеге тиіп, бірін де қаза қылмастан бес уақыт намаз оқығанына немересі де талай рет куә болған. Үш-төрт жасында онысына өзі де үйір бөліп, атасына қосылып азан шақыратын, бұрыс та болсын былдыр тілімен қысқа Ықыластың қырағатын қайыратын. Кейде атасының арқасына ат қып мініп алып, сол күйі екеуі қиямға қатар тұрушы еді. Кең көңілі кеюді білмейтін атасы бұнысына пәлендей қабақ та шытпайтын, керісінше, қатты қуанатын. Әкесі мен шешесі ұлына ұрысып жекіп жатса:

Жалғасын оқу үшін: http://nurgasyr.kz/index.php/ibarattar/865-sol-ylda-gime

Indira IzbasqanIndira Izbasqan
8 лет назад 4136
1 комментарий
О блоге
0
2141 4 20 7 5